Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. ТЧЭ цехі. Барлық қызмет өртті сөндірумен айналысып жатыр. ТЖД құрамынан 55 қызметкер мен 8 дана техника жұмылдырылды» — деп жазды.
Алдын ала себебі жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын абайсыз қолдану. «Қала тұрғындарының өміріне қауіп жоқ. Тыныштық сақтауды сұраймын. Жағдай бақылауда» деді Сәкен Қалқаманов.