Арыста арнайы комиссия оқ-дәрі қоймаларын тексеруді бастады

85
оқ дәрі қоймасы тексеру Арыс

Арнайы комиссия оқ-дәрі қоймаларын тексеруді бастады. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен құрылған арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Арыстан арсеналды шығару жұмыстары қолға алынды.

Қорғаныс министрі «ешбір елді мекеннің маңында артиллериялық оқ-дәрі болмайды, қауіпсіздік шаралары толық сақталып, дезинфекция жұмыстары жүргізіледі» деді. Комиссия оқ-дәрілерді сақтау саласында арнаулы техникалық білімдер мен тәжірибеге ие жоғары білікті әскери мамандардан құралған.

Тексеріс кезінде комиссия оқ-дәрілерді сақтау тәртібін, жағдайларын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын ескереді. Бұдан бөлек, жер-жерде іс жүзінде көмек көрсетіліп, оқ-дәрі сақтау нысандарының қауіпсіздігін күшейту шаралары айқындалады.

Мақпал Рысбаева