Баланы қағып кеткен әйел жауапқа тартылған жоқ

269

5 жасар баланың өлімімен аяқталған қылмыстық іс сағызша созылып келеді. Редакциямызға осындай арызбен әділдік іздеген ата-ана келді. 3 ай бұрын перзентінен айырылған азалы отбасының қылмыстық істен күмәні көп.

Еске сала кетейік, мамырдың 2 -сі күні Шымкент қаласындағы Т: Әлімқұлов көшесінде қайғылы оқиға орын алған еді. Жердегі кәмпитін алмақшы болған баланы телефонмен көлік тізгіндеген жүргізуші әйел қағып кеткен болатын.

«Баламның ісінде ешқандай да әділдік жоқ. Ештеңе алға жүріп жатқан жоқ. Бұл жерде қиналып жатқан тек мен ғана. Менің балам көрде жатыр. Оны қаққан әйел үйінде жатыр. Ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Үшінші айға созылып барады. Ешкім қимылдап жатқан жоқ. Тергеу ісі Мұстафа Бақтиярда. Барсақ маған дөрекілік көрсетіп, шығарып салады. Баламды қаққан әйел алдыма келіп бірде бір рет кешірім сұраған жоқ» дейді ашынған ана.

Кінәлілердің бұл бейқамдығы қайғы жұтқан отбасының уайымын арттырған. Бірақ, созбаққа салынған тергеу ісі жөнінде ішкі істер департаменті сұқбат беруден бас тартты.

Назерке Үкібасова