«Еңбек Жолы» конкурсы жас-тарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді.
Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:
1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары көп, ең көп санды әулет таңдалады.
Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымыдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.
Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, онлайн дауыс беру;
2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан облыстық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;
2-кезең республикалық деңгейге сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздарыарасында өткізіледі:
1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;
2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының республикалық деңгейінің жеңімпаздарын анықтау
Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 27 қазанында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;
7) қысқа өмірбаян мен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
1. Әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;
2. Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны;
3. Еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастап Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін ұсынған күнге дейінгі кәсіптегі жалпы еңбек өтілі.
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
1. Өз кәсіби дағдыларының дамуы-на қосқан үлесі;
2. Өз жұмысына деген адалдығы;
3. Ұйымдастырушылық және комуникациялық дағдыларының болуы;
4. Еңбегі үшін бірнеше реттік көтермелеулерінің болуы (дипломдар, мадақтау қағаздары, алғыстар);
5. Бастамашыл ұсыныстарының болуы;
6.Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық қызығушылығының болуы;
7.Білім деңгейі, оны көтеруге талпынысы;
8.Жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;
9. Өз жұмысын атқару сапасы.
Комиссия жоғарыда көрсетілген критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.
«Оңтүстік Рабат»
№28, 10 шілде 2019 ж