Егер адам жұмыс істемесе — атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады

326
Үкімет отырысы

«Егер адам жұмыс істемесе — атаулы Әлеуметтік Көмек беруді тоқтатамыз» .

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осындай мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда АӘК-ті 285 мың отбасы немесе бір жарым миллионға жуық қазақстандық алды, соның ішінде 900 мыңы – балалар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген деректер бойынша, бүгінде АӘК алушылар қатарынан 393 мың адам – еңбекке қабілетті. Олардың 81 мыңы міндетті түрде жұмысқа орналастырылуы тиіс. Дегенмен, олардың тек 38 мыңы жұмыс істейді. 30 мың адам әлеуметтік келісімшартқа қол қойды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: ««Бұл – өте төменгі көрсеткіш. Біздің ең басты міндетіміз – АӘК алатын отбасыда еңбекке қабілетті адамдар болса, онда олар жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан да біз өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік келісімшартқа қол қою қажет екенін айтамыз, одан кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыру қажет. Егер азамат жұмыс істемесе, онда біз АӘК төлеуді тоқтатамыз. Осындай талап пен заң бар».

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі АӘК алғысы келетіндердң арасында жұмыс сұрайтындардың аз екенін атап өтті. Бұл мәселеде, Сапарбаевтың айтуынша, масылдыққа жол бермеу қажет. Мемлекет өз тарапынан жұмыспен қамтуды қолдау шараларын ұсынады.

Біріншіден, 505 мың теңге сомасына пайыз бен комиссиясыз тегін қайтарымсыз гранттар берілетін болады. Екіншіден, 6 пайыз мөлшерінде шағын несие беріледі. Үшіншіден, егер азаматтың мамандығы жоқ болса, онда ол қысқа мерзімді курстардан өтіп, мамандық ала алады. Мамандығын алғаннан кейін және сертификат берілген соң, ол өзінің бизнес-жоспарын жасап, өз ісін бастай алады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұл үшін қосымша қаражат бөлінеді.

Шынар Оразова