Шымкентте 268 мың 546 адам жеке куәлігіне мекен-жай туралы мәліметі көрсетілетін электронды мемлекеттік тіркеу кодын енгізбеген. Бұл әсіресе Шымкентке енді ғана енген аудан тұрғындарына қатысты.

Салдарынан, олардың тұрғылықты жері мен өзге де тиісті жеке басына қатысты ақпараттары анықталмай отыр. Бұл жөнінде  Шымкент қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, бұл мекен-жай тіркеу коды тұрғындардың өздері үшін тиімді. Сондықтан, уақыт жоғалтпай тез арада халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, тиісті мәліметті жүйеге енгізгені жөн.

Қуаныш Исаев

Қуаныш Исаев, Шымкент қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары: «Егер азаматтардың мекен-жай тіркеу коды болмаған жағдайда, өздеріне қолайсыздық тудырады, себебі ол жылжымайтын мүлік аясында мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті мәліметтерді ала алмайды. Ал жүйеге тіркеліп, мекен-жай тіркеу кодын алып қойсаңыз, онда үй иесінің сұранысымен мекен-жайда тіркелген азаматтар және басқа да мол мәліметтерді алуыңызға болады».

Мөлдір Бекеева