«Изуми» дүкені жазғы маусымға сақадай сай. Мұнда киім-кешек пен аяқ киімдердің алуан түрі бар. Сауда орны басшылары өздерінің тұрақты клиенттеріне түрлі тарту-таралғылар жасауды да дәстүрге айналдырған.

Аты әйгілі дүкеннің сатып алушылары арасында түрлі әлемдік бренд сыйлықтары ойнатылды. Лоторея жеңімпаздарына тау баурайындағы қонақүйлерге сертификаттар берілді. Басты сыйлық – Түркияға жолдама.

IZUMY дүкені өз клиенттеріне жазғы демалыс сыйлайды. Сауда желісінің дүкендерінде сатып алушылар арасында сыйлықтың – түр-түрі ойнатылды. Екі адамға Түркия елінде демалуға мүмкіндік беретін жолдаманы да ұтып алуға болады.

Дүкен клиенттері ұтыс ойыны кезінде жүзге жуық сыйлықты өзара бөлісті. Костюмдер мен, сөмкелер, IZUMY сауда желісі ұсынып отырған әлемдік брендті аксессуарлар ойнатылды.

Ұтыс ойындары кезінде жолы болған 10 адамға IZUMY TAU мейманханаларына сертификаттар үлестірді. Олар демалысын тау бөктеріндегі керемет аймақта өткізе алады. Бақытты нөмір иесі де анықталды.
Мадина Алдаберген – ұтыс ойынының басты жеңімпазы. «Бұл мен үшін тосын сый болды», – дейді ол. Ол енді Анадолы елінде демалатын болды.

Мадина Алдаберген, ұтыс жеңімпазы: «Аяқ киім мен сөмке сатып алған едім. Мұндай қомақты ұтысқа ие боламын деген ойымда болған жоқ. Қуаныштымын».
Лотерея ойыны жалғасады. Жеңімпаз шілде айының соңында анықталады. Ойынға қатысу үшін 70 мың теңгеге сауда жасап, белгіленген күні купонмен келсеңіз жеткілікті IZUMY-ден киініп, тегін демала аласыз.