Арыс қаласын қалпына келтіру үшін шамамен 20 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті.
Оның айтуынша, Арыс қаласындағы 8 мың үйдің шамамен 6 мыңнан астамы бүлінген. Алайда бұл нақты цифр емес. Барлық шығын тағы есептеліп, нақты келтірілген шығын сомасы 15 — шілде күні белгілі болмақ. Жарылыс салдарынан бөлек мүліктің ұрлануы бойынша Арыс тұрғындарынан 85 арыз келіп түскен.
Владимир Беккер, ҚР Төтенше жағдай комитенінің төрағасы: «Үйіне қайтқан тұрғындар мүлкінің жоғалғандығы туралы 85 арыз түсірген. Алайда 10-нан астамы арызды қайтып алды. Аса ірі көлемде азық-түлікті ұрлау фактісі тіркелді. Бір адам көлігінің ұрланғанын жазған. Жалпы әр оқиға бойынша жедел шаралар қабылданып жатыр».