Шымкенттік ақ халаттылар геморройды емдеудің тың тәсілін үйренбек. Шеберлік сабағын өткізу үшін қаламызға арнайы Ресейдің үздік проктолог-хирургы келді. Аталмыш саланың үздігі саналатын Юрий Черепининнің бұл Орталық Азияға алғашқы сапары. Мансабында 1000 ота жасаған дәрігер флебология клиникасында қонақта.
8 жылдан бері ота жасаудың қыр-сырын меңгерген мәскеулік дәрігер Юрий Черепинин Шымкентте. Хирург-проктолог жерлес ақ халаттыларға тың тәжірибесімен бөлісу үшін келген. Айта кетейік, Ресейде кеңінен танылған әдіс елімізде бұрын-соңды жасалмаған. Шеберлік сабағы алғаш рет қаламыздағы флебология орталығында ұйымдастырылып отыр.
Юрий Черепинин, дәрігер, хирург-проктолог: «Шымкентке ат басын бұруымның негізгі себебі — осы өңірдегі проктология қызметінің сапасын көтеру. Үйренген жаңа тәсілдермен бөліспекпін. Әдістердің барлығы Мәскеуде тәжірибеден өткен. Дәл бүгінгі таңда мұндай ота Қазақстан бойынша еш жерде жасалмайды».
Проктологтарға өткізіліп отырған шеберлік сабағының негізгі себебі Белорусиядан әкелінген аппарат. Жаңа құрылғы хирургтарға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашады. Айта кетейік, гемаррой дұрыс тамақтанбау мен іс-қимылдың аздығынан пайда болады.
Алия Илимова, лазерлі медицина және флебология клиникасының проктологы: «Қондырғының көмегімен науқастар бір күндік хирургияға жүгінуге болады. Яғни, науқастар келеді. Бір күннің ішінде жасалады және сол күні үйіне қайтады. Кейінгі асқынулар болмайды».
Юрий Черепениннің шеберлік сабағы Шымкентте 14 шілдеге дейін жалғасады.
Лазерлі медицина және флебология клиникасының мекен-жайы: Ш.Уәлиханов көшесі, 200Б. (Қазандық аялдамасы). Тел: 60 68 57
Лиц №0110793 ДХ ОҚО Денсаулық сақтау басқармасымен берілген