MacCoffee мен Fairy-дің жалған түрі анықталды

153
жалған тауар
фото COOPINHAL.ru

Шымкент қалалық Әділет департаментінің мамандары 7 мыңнан аса контрафактілік тауарларды тәркіледі. Заң бұзушыларға сот шешімімен 400 мың теңгеден астам айыппұл салынып отыр.

Бүгін салаға жауаптылар қаладағы сауда орындары мен кәсіпорындарды аралап, көпшілікке жалған тауарларды ажырату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері арыз-шағымдар негізінде 7 рет тексеру шараларына шыққан мамандар MacCoffee мен Fairy сияқты жиі тұтынылатын өнімдердің жалған түрлерін анықтаған.

Әділет органдарының өкілдері күмәнді тауарлар тек құқық иелеріне ғана емес, сондай-ақ тұтынушыларға да зиянын тигізуі мүмкін дейді. Сондықтан, сатып алу кезінде клиенттер тауарлардың ең алдымен орамасына аса көңіл бөлуі қажет екен.

Мақпал Рысбаева