фото Хабар 24

Нұр-Сұлтанның туған күні отшашусыз өтеді. Елорданың 21 жылдығына жоспарланған жалынды ойын-сауық биыл өткізілмейтін болды. Есесіне оған бөлінген қаржы Арыс қаласына жіберіледі. Қала әкімдігінің бұл ұйғарымын демеушілер де құптаған. Одан бөлек көмекке берілетін қаржы іс-шаралардан да алынбақ.

Атап айтсақ, Димаш Құдайбергеннің «Арнау», Мәскеулік «Современник» театрыны қойылымдары мен Тұрсынбек Қабатовтың «КТА» жобаларында сатылған билет қаржысы Арыс қаласына қайырымдылыққа жұмсалады.

Айта кетейік, бүгін таңертең апат орын алған аймақтан 200 бала Нұр-Сұлтан қаласына қонаққа қыдырып келді.