«Жолда қабылдау». Шымкент қалалық полиция департаменті осындай тақырыптағы республикалық акцияны өткізіп, жұртшылықтың арыз-шағымын тыңдады.

Таңғы сағат 8-00-ден кешкі 19-00-ге дейін шымкенттіктер арнайы барып, өздерін мазалаған сауалдарына жауап алды. Қабылдауда әкімшілік полиция, жол-техникалық инспекция, жергілікті полиция, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен басшылары болды.

Екі күнге жалғасқан акцияға 1611 қала тұрғыны қатысып, 1324-не құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Оның ішінде 370-і – айыппұлдарды төлеуге қатысты ақпарат алу бойынша, 330-ы – жол жүрісі ережелеріне қатысты сұрақтармен жүгінген.

Автокөліктерді тіркеуге қатысты сұрақпен 121 адам келіпті. 119 адам жүргізуші куәліктерін алудың жолын сұраған. Ал 131 адам көші-қон саласына қатысты жәйттерді білуге келген.

Мөлдір Бекеева