2019 жылдың 30 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, онда Шымкент қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қатысушыларға құқық қорғау ведомствалық қызметінің бағыттары, сондай-ақ тамыз айында өтетін конкурс туралы айтып кетеді.

Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, жалақы деңгейі, қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты барлық ниет білдірушілер ала алады.

Сондай-ақ, жоғары білім алғысы келетін жастарға полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіреді.

Жәрмеңкені өткізу орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі 13.