Шымкентте қанша қылмыстық іске сот үкімі шыққан?

556

Шымкентте қылмыстық істер бойынша шығарылған 32 сот үкімінің 95 пайызына аппеляциялық шағым түскен. Ал, аппеляциялық алқа тек 1 үкімді ғана өзгерткен. Онда да сотталушыға тағайындалған жаза мерзімі ұзартылған.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мәлімдеді. Әбсаттар Шаxиддиновтың айтуынша, жыл басынан сот өндірісіне 39 іс түскен. Оның ішінде 46 адамға қатысты үкім оқылса, 3 адамға қатысты ақтау үкімі шығарылған.Сондай-ақ, сот өндірісінде қаралған істер бойынша тергеп-тексеру органдары тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар да анықталып, судья 4 жеке қаулы қабылдаған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атқарылған жұмыстар жөнінде айтқан төраға алдын ала тыңдау сатысынан-ақ, прокурорға кері қайтарылған істерге де тоқталды. Сөзіне сенсек, 9 адамға қатысты 6 іс осылай қайтарылыпты. Ал 1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалған.

Мөлдір Бекеева