Шымкентте 16 экс-кеденшіге қатысты сот отырысы басталды

115
фото Baq.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 экс-кеденшіге қатысты сот отырысы басталды. Олардың 13-не — «пара алу» бабы бойынша айып тағылды.

Ал қалған 3-уі — пара алуға көмектескені үшіну жаупқа тартылған. Еске салайық, 2018 жылдың 15-16-ақпанында еліміздің Оңтүстігіндегі 3 облыс пен Алматы қаласында арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде 35 адам ұсталған болатын. Олардың арасында кеден мен шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар.

Ал, Оңтүстік өңірі бойынша ұсталған 16 адам «Сарыағаш», «Қазығұрт», «Атамекен», «Қапланбек» шекара бекеттерінің қызметкерлері болған. Бүгінге дейін оның жартысы уақытша тергеу изоляторында ұсталған болса, жартысы үй қамақта болған-ды.
Айта кетейік, ауқымды операция барысында 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылған еді.

Мөлдір Бекеева