Бүгінде Шымкентте баспана кезегіне 38 мың адам тіркелген. Олардың  16 мыңға жуығы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылары мен толық емес немесе мүгедек баланы асырып отырған отбасылар.

Көпбалалы ана Саламат Ақжігітова да мегаполистен баспана алуға ниетті. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаның шартын білу мақсатында тұрғын үй басқармасына келіпті.

«5 баланың анасымын. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екенін  бүгін білдім», — дейді ол.

2015-2016 жылдары Шымкентте жылына 10-15 пәтер берілсе, былтыр 1150 пәтер үлестірілген, ал биыл бұл көрсеткіш 2 мыңға жуық. Жастар жылы жастардың баспаналы болуына үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, сатып алу құқымен жалақысы 12 мың теңге болатын пәтер ұсыну қарастырылып жатыр.

Марат Оразәлі, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы: «Жастарды баспанамен қамту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Жазда оның механизмі қарастырылып, күзде оны қалай, қандай шарт бойынша берілетіні шешіледі».

Бүгінде Шымкентте баспана кезегіне 38 мың адам тіркелген. 20 мыңға жуығы мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкері. Жылдың соңына дейін 14 үйде 828 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі деп жоспарланған.

Шынар Оразова