Шымкентте «Оңтүстік өнімдері -2019» үздік тауарлардың жәрмеңкесі өтті

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының аясында «Оңтүстік өнімдері 2019» атты үздік тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсат- жергілікті өндірушілерді қолдау.

Шымкентте "Оңтүстік өнімдері -2019" үздік тауарлардың жәрмеңкесі өтті
Шымкентте «Оңтүстік өнімдері -2019» үздік тауарлардың жәрмеңкесі өтті

Көрмеде машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласының 100-ге жуық тауар өндірушілері өнімдерін көпшілікке таныстырды. Шара барасында өзара іскерлік қарым-қатынас орнатуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Қалалықтар отандық тауарлардың қатары жылдан жылға артып келе жатқанын байқағанын айтады.

Шымкентте "Оңтүстік өнімдері -2019" үздік тауарлардың жәрмеңкесі өтті
Бекмұрат Жүзімбаев, қала тұрғыны

Бекмұрат Жүзімбаев, қала тұрғыны: «Зейнеткермін, қоғамдық жұмыс атқарамын. Бүгін міне көрмеге қойылған отандық тауарлармен танысып жатырмыз. Керемет. Жақсы. Егерде біз  өзімізде өндірілген, шығарылған өнімдерді, тауарларды сатып алсақ, жергілікті кәсіпкерлерді қолдағанымыз. Қазіргі таңда отандық  тауарлар, азық-түлік Қытайдан және өзге де елдерден жеткізілетін тауарлардан кем емес. Жарнаманы жақсы жасағанда көп халық келетін еді. Мұндай көрме- жәрмеңкелер арқылы  түрлі саладағы  жаңашылдықтардан хабардар боламыз. Ұйымдастырушыларға рахмет».

Шынар Оразова