Шымкентте жедел жәрдем көмегіне жүгінгендер қөбейген

214
"103" шақыртулар күрт өскен

Шілденің бірінші күні Шымкент қалалық медициналық  жедел жәрдем  көрсету стансасындағы шұғыл қызметке қоңыраулар  көбейген.

Бір тәулікте екі мыңнан астам қоңырау келіп түсуде. Шақыртулардың басым бөлігі балаларға қатысты. Жазғы демалыс болғандықтан, жарақат алу, күн өту, іш өту, дене қызуы көтерілді деген белгі байқалды деген  шақыртулар көбейген,- дейді  аға дәрігер Салтанат Тәжібекова.

81 бригада қалалықтарға  қызмет көрсетуде. Шақыртулар қан қысымы көтерілген, жүрегі ауыратын адамдардан көптеп түскен. Дәрігерлер  қала тұрғындарына «далаға  шыққанда бас киімдеріңізді, сусын,  дәрі-дәрмектеріңізді ұмытпаңыздар.  Балаларды және жасы келген азаматтарды көшеге жалғыз жібермеуге тырысыңыздар. Күн сәулесінен сақтану жолдарын да естеріңізден шығармаңыздар. Бөлмелерді салқындатып, тағамдарды мұздатқышта ұстағандарыңыз жөн» деп ескертеді.

Дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асыңыздар. Сақтансаңыздар,  денсаулықтарыңызды күтсеңіздер, көңіліңіз де көтеріңкі болады деп ескертеді  медицина қызметкерлері.

Шынар Оразова