Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Ел Астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты кешке қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты.
Қала әкімі көпшілікті Елорда күнімен құттықтап, әлем бойынша ең жас қаланың 21 жыл ішінде бағындырған биік белестерін атап өтті. Нұр-Сұлтан — санаулы жылдар ішінде сәулеті мен дәулеті келіскен, ірі, ресми, мәдени, рухани орталыққа айналды. Бүгінде әлем Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстанмен егіз ұғым ретінде танитын болды. Ол барлық қазақтың символы деп айтар ем. Елбасы сіз бен бізге осындай керемет қала салып берді. Ендігі ел тұрғындарының әлеуеті жыл санап арта түседі. Шымкентте де үлкен өзгерістер күтіп тұр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңызды сезінемін! — деді қала әкімі.
Мерекелік концертте көпшілік назарына «Нұр-Сұлтан» сазды хореографиялық композициясы ұсынылды. Еңселі Елордамызға арналған мерекелік іс-шара жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күл сыйлады. Салтанатты жиын мұнан соң Шымкенттің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.