Судьялар сот ғимаратын асарлатып жөндеп алды

99
Арыс сот ғимараты асарлатып жөндеу

Түркістан облысының сот өкілдері Арыстағы сот ғимаратын асарлатып қайта қалпына келтірді. Олар мемлекеттен бөлінетін қаржыны күтпей-ақ бір күндік жалақыларын жинаған еді.

Екінші тыныс алған өкім ғимараты бүгін қолданысқа берілді. Бірақ, онда бірінші шара жаза тағайындау емес, мықтыларды марапаттау болды. Олар жарылыс болған күні сот ғимаратында күзетте тұрған қос қызметкер. Сын сағатында елмен бірге қашпай, қайта оларды құтқаруға үлес қосқан жандар кеуделеріне жұлдыз тағып қайтты.

Айдос Дербисов, мамандандырылған күзет басқармасының полициясы қызметкері: «Бірінші ойға келгені, сыртта қашып жүрген бала-шаға, үлкен аталарымыз, апаларымыз, қарияларды ішке кіргізіп, қорғау болды. Басқа ой болмады».

Назерке Үкібасова