Рашид Аюпов

 

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Рашид Аюповты Түркістан қаласы әкімі етіп тағайындауға қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан келісім берді.

Рашид Аюпов – Кентау қаласының тумасы. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі. Әр жылдары ҚР Үкіметінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару секторының меңгерушісі, «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті, Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі өкілі, партияның ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болып та қызмет етті. Тағайындалғанға дейін «ШЫМКЕНТ» ӘКК АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет еткен болатын.