Төлебиде «Адалдыққа баулу» жазғы мектебі ашылды

832

Төлеби ауданындағы «Біркөлік шатқалы» жазғы балалар  лагерінде «Адалдыққа баулу» жазғы мектебі ашылып, оқушыларды қабылдады.

Бұл мектеп «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, білім бағдарламасының мақсаты – жазғы  демалыс  кезінде  өскелең ұрпақ арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Мектеп жұмысымен танысу  үшін  және арнайы дайындалған игі  шараға  ҚР Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің  Түркістан  облысы бойынша  департаменті басшысының орынбасары Арман Абдраманов, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Төлеби ауданы әкімдігінің өкілдері қатысып, жастолқынға бұл мектептің мәні мен мазмұнын түсіндірді. Белсенді оқушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.Сондай-ақ, осы мақсатта ашылған мектептерде  сыбайлас жемқорлық  көріністерінің  алдын алу  бағытында  бірыңғай  сағаттар, ойын-сауық және театрландырылған қойылымдар, сурет конкурстары мен көрмелер,  спорттық шараларды өткізу жоспарланып отыр екен.

Айта кетейік, қоғам індетіне  қарсы  күресуге  үндейтін  бұл  «Адалдыққа баулу» жазғы мектептері елімізде алғаш рет ашылып, жұмысын бастады.

Мөлдір Бекеева