Мал шарушылығымен айналысқысы келетін азаматқа Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы қандай мүмкіндік ұсынады? Егер сіздің мал шаруасыне ыңғайыңыз болып, осы бағытта кәсіп бастағыңыз келсе, басқарма тарапынан қандай көмек бар? Тақырып төңірегінде Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының Мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлімінің басшысы Жәнібек Тоғаймен әңгімелестік.
Ең алдымен Агро өнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығына арналған қандай субсидиялар бар екенін сұрап білдік. Жәнібек Тоғайдың айтуынша мал шаруашылығы саласында біршама ірі қолдаулар бар.
– Бүгінігі таңда мал шаруашылығы саласында көптеген қолдаулар бар. Осы сала бойынша кәсібін дөңгелеткісі келген азаматтарға көресетілетін қолдауларды жеке-жеке айтар болсам:
Мысалы:
ірі қара мал басына:
10 000 – 22 000 тг;
қойға: 1500 – 8000 тг,
түйе, айғырға: 100 000 тг,
шошқаға: 40 000 – 140 000 тг ,
ешкіге: 40 000 тг,
тәуліктік балапан үшін: 60 – 600 тг;
құс етіне: (тауық еті, күркетауық, суда жүзетін құс еті) 40-200 тг кг-на;
тағамдық жұмыртқа 2-3 тг данасына;
сүт (сиыр, бие, түйе сүті) 10-60 тг кг-на;
биязы және жартылай биязы жүн өндіру 100-150 тг кг-на;
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатуға әр қосылған кг салмақ үшін (семірткені үшін) 200 тг;
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылауға өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтар құнын арзандату үшін әр тірі кг салмағына 200 тг;
сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындарды арзандатуға 120 000 тг субсидиялар қарастырылған,-дейді Жәнібек Тоғай.
ГАЗЕТ АНЫҚТАМАСЫ
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: ҚАНЫБЕКОВ Асқар СәкенұлыМекенжайы: Шымкент қаласы, «Нұрсәт» ш/ауд., Н. Назарбаев даңғылы, 10
Тел: 8 (7252) 24-74-78, 24-74-13, 24-74-16Қабылдау күні:
әр аптаның жұма күні, 15.00-16.00 (фронт-офис)
Осы қолдаулардың арасында мал шаруашылығы саласындағы субсидияны
Шымкент қаласы аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, отандық тауар өндірушілер алады. Оларға мемлекеттік қолдау пайызсыз беріледі екен. Дегенмен қойылатын арнайы талаптары да бар. Олардың негізгісі қажетті құжаттарды дұрыс құнттау керек.
– Шымкент қаласы аумағында орналасқан шаруашылық, ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңбаның, мал бастарының АЖБ-да (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру), АТЖ-де (ақпараттық талдау жүйесі) тіркелуі, субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлері сатып алынған немесе сатқан өнімдерін барлық дәлелді құжаттармен растауы (келісім шарт, төленген сомма бойынша квитанция, төлем құжаттары), бұл туралы субсидия алу үшін ақпараттық жүйе арқылы өтінім беру, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар бойынша қосымша мәліметтерді қоса беріп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында толық көрсетілген». Ең бастысы азаматтар қажетті құжаттарды құнттау керек. Құжаттар
барлық субсидиялау бойынша Қағидаға сәйкес, тек электронды түрде жүреді. Сондықтан әр бағыт бойынша өтінім үлгісіне орай селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры сүйемелдейтін, жануарлардың
табынын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын,
асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды жануарлар
туралы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы беріледі. Мал бастарының АЖБ-да (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру), АТЖ-де (ақпараттық талдау жүйесі) тіркелуі, субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлері сатып алынған немесе сатқан өнімдерін барлық дәлелді құжаттармен растауы (келісім шарт, төленген сомма бойынша квитанция, төлем құжаттары)» толық болуы шарт. Құжаттар толық болмаған жағдайда субсидия берілмеуі мүмкін,-деді ол.
Жәнібек Тоғайдың айтуынша, Шымкент қаласы аумағында мал шаруашылғымен айналысатындар бар. Оларға арнайы қаржы да қаралған екен.
– Қала аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға Қағида талаптарына сәйкес 2019 жылға 1 196,0 млн теңге қаралған. Үстіміздегі жылдың маусым айына «qoldau.kz» жүйесі арқылы келген өтінімдерге 308,0 млн тг қаралып, қазірше 178,7 млн тг 11 шаруашылыққа төленіп, тиісті жұмыстар жалғасуда,-дейді Жәнібек Тоғай.
ЖАНЕРКЕ ХУМАР
«Оңтүстік Рабат», №27, 3 шілде 2019ж