Түркіменстан Президентінің өлімі жайлы ақпарат рас па?

250

Дипломаттар Түркіменстан Президентінің өлімі жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін 62 жастағы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі жайлы сыбыс тараған еді. Бұл жөнінде Ресейдегі Түркіменстан елшілігіне сілтеме жасаған «ТАСС» агенттігі бірінші болып хабарлады.

Одан өзге ресейлік ақпарат құралдарында оның «бүйрек ауруынан көз жұмғаны» жайлы хабарлама жарияланды. Биыл 29-маусымда 62 жасқа толған Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Ол — Сапармұрат Ниазовтан кейінгі елдің екінші президенті.

2017 жылы ақпанда өткен Президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 97 пайызы дауысын алған Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші мерзімге президент болып сайланған. Айта кетейік, бұл елде президент 7 жылға сайланады.