Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті.
Мәселен, қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, абаттандырылады.
Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Су бұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орнының алдында арнайы автотұрақ та салынатын болады.