Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін», — деді Бауыржан Байбек.
Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпанынан партия хатшысы қызметінде болған еді. Ол қызметке дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.