фото Ktk.kz

WhatsApp желісінде «Луна» бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны таратқан болып шықты.  Әйел адам барша азаматтардың алдында кешірім сұрады. Ол 12-15 шілде күні қаладан «Луна» атты бомбаны шығаратыны туралы хабарлаған.

Осы жайт Арыс АПБ -нің СДТБТ-не тіркеуге алынды. Күдікті азаматша анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол жергілікті тұрғын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің «көрінеу жалған ақпарат тарату» 274 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.