Жүк көлігінің тіркемесіне есірткі жасырып, шекарадан алып өтпек болған

136
фото Sputniknews.kz.

Сарыағаш шекара отрядының «Қазығұрт-авто» бөлімшесінде кеше кешкілік шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен, Қазақстаннан Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан «ДАФ» жүк көлігінің кузовы мен тіркемесінің аралығынан, полиетилен пакетке салынған салмағы 20 грамм көлеміндегі кептірілген қошқыл-жасыл түсті, өзіндік иісі бар, өсімдік текті зат тауып алды.

Табылған зат «марихуана» есірткі заты болуы мүмкін деген күдікпен, автокөлік жүргізушісі 50 жастағы өзбекстандық ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.