«Өз үйімізді, заттарымызды, ыдыс-аяқтарымызды таза ұстау үшін біздің айналамызда үнемі үйге қажетті химиялық заттар жүреді, яғни сусабындар, көбіктер, ваннаға арналған гельдер және т.с.с. Бір сөзбен айтқанда – тұрмыстық химиялық заттар әр бір адамның үйінен көптеп
табылады.
Біз қазір ыдыс-аяқтарды сабынмен немесе содамен жууды елестете алмаймыз. Себебі нарықта арнайы жуғыш заттардың көптеген түрлері бар. Осы жуғыш заттардың алуан түрлері болғандығынан біз өзімізге қол жетімдісін, көп жағдайда арзанын сатып аламыз. Әрбір адамда «неге артық төлеуіміз керек, егер құрамы бірдей болса, тек сауда маркасы және бөтелкенің сыртқы параметрлері әр түрлі» — деген сұрақ туады. Сонымен қатар, үй шаруасымен айналысатын адамға жалған болсын болмасын бұл химиялық заттар қайда жасалғаны бәрібір, ең бастысы ол ақшасын үнемдеді. Содан соң жуғыш заттарды үйіне алып келіп ыдыс-аяқтарын жуып жатқанда ғана сапасы төмендеп кеткенін түсінеміз. Өйткені көп жағдайда майлы заттарды кетірмегендігінен, денсаулыққа зияны келгеннен кейін ғана түсініп жатамыз.
Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айында Шымкент қаласының Әділет департаменті қызметкерлері әлемге әйгілі компанияның жуғыш заттарын қаланың сауда орталықтарының бірінде тәркіледі.
Тексеру жүргізу жөнінде біздің мекемемізге әлемге танымал «The Procter and Gamble» компаниясының өкілдері жүгінді. Аталған компанияның өкілдерінің көмегімен қаланың ірі сауда орталығының біріндегі қойманы тексеру нәтижесінде 100-ге жуық «Fairy» тауар таңбасы бейнеленген контрафактілі бөтелкелері тәркіленді. Аталған тауарлардың ешқайсысында келісім-шарттар, тиісті құжаттары болмаған.
Атап айтқандай, тексеру барысында 100-ге жуық «Fairy» тауар таңбасы бейнеленген контрафактілі бөтелкелері тәркіленіп, нәтижесінде құқық бұзушыларға хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотына жолданды», – деді Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Камалов. «Компания сапа үшін күресіп жатыр, біз сертификаттаудан өтудеміз. Тіпті жеткізу кезінде кездейсоқ зақымдалған орамалар болып жатса, бүкіл өнімнің көлемі жойылуға жұмсалады. Мұны біз мұқият бақылап отырамыз, ал нарықта мұндай жағдайлар сақтала бермейді. Егер сіз өніміңіздің сапасына күмәнданатын болсаңыз, жуғыш заттың сапасын тексергіңіз келсе, яғни, ол өте нашар көбіктеніп кетсе, майды жөндеп жумаса онда сізге қағаз және жуғыш сұйықтықтың бір тамшысы қажет болады. Жуғыш зат тамшысының қағазға түсіру қажет, өнім түпнұсқа болса, онда сұйықтық қағазда ұзақ уақыт бойы сақталады. Ал егер өнім жалған болса, тамшы қағазға сіңіп кетеді немесе оған таралады, — дейді компания өкілі.
Контрафактілік көшірмеге жол бермеу үшін, мамандандырылған дүкендерде немесе ірі супермаркеттерде тауарлар сатып алу керек. Күмәндансаңыз құжаттарды талап етіңіз.
Сонымен қатар, ірі дүкеннің операторы Виктория Клейменова өз сөзінде – «біз компаниямен тікелей жұмыс істейміз, біз олардың клиенттеріміз. Олар дәлелденген жеткізушілер болып табылады және бізбен Шымкенттегі ресми дилерлер. Иә, бізге «Fairy» өнімін басқа арзан бағада алып келген жағдайлар болған, бірақ біз олардан бас тарттық, себебі бізге өнімнің сапасы маңзды», деп атады.
Танымал брендтің төмен бағасы — өнімнің сапасы туралы ойлаудың алғашқы себебі.
«Сеніңіз, бірақ тексеріңіз», деп сатып алушылар мен тауарды қоюшыларға сарапшылар кеңес береді.
Пайда табу үшін, ол клиенттерді жоғалтып қана қоймай, айыппұл да алады.
Анастасия Новикова
«Оңтүстік Рабат», №26, 26 маусым 2019ж