Құлыптанбаған автокөлікті айдап кеткен күдікті ұсталды

195

Ағымдағы жылдың 12 тамызында қала тұрғыны өз танысының аулалардың бірінде тұрған құлыптанбаған және кілті ішінде болған автокөлігін айдап кеткен. Жайт бойынша көлік иесі Шымкент қаласы полиция департаментіне арызданған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні ұстап, Қаратау ауданының полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен «Автокөлікті заңсыз иеленіп алу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.