Шымкент қаласы Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Енді Қаратау ауданын Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы басқаратын болады. Ол бұған дейін мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында қызмет атқарған.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық мәслихаттың депутаттарына жаңа әкімді таныстырған қала әкімі Ерлан Айтаханов Қаратау ауданының жаңа әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеп ауданның әлеуметік экономикалық дамуына өзінің білімі мен тәжірибесін қосады деген сенімін білдірді .Депутатар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Нұрлан Күдерұлы