Қоғамдық кеңес жұмысына салғырт қарағандар мүшеліктен шығарылады

267

Шымкент қалалық қоғымдық кеңес мүшелерінің санын 35 адамға жеткізу. Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысында осындай ұсыныс айтылды. Бұл жиынның ерекшелігі — мегополис әкімі болып тағайындалғанына 28 күн болған Ерлан Айтаханов қоғамдық кеңестің отырысына арнайы қатысып, қоғам мүшелерімен танысты.

Қоғамдық кеңестің төрағамен қосқанда 27 мүшесі бар. Түрлі сала өкілдерінен жасақталған кеңес бүгінгі таңға дейін қала әкіміне 22 ұсыныс беріпті. Бүгінгі ұсыныстарының бірі кеңес мүшелерінің санын 35-ке жеткізіп, қоғамдық жұмысқа салғырттық танытқан кейбір мүшелерді қатардан шығару. Өйткені коғамдық кеңестің бірнеше жиынына келмей жүрген мүшелер де бар екен.

Қоғамдық кеңес мүшелері белсенді болып, қала өміріне етене араласу қажеттігін қала әкімі де қадап айтты. Халық арасына жиі барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу де осы кеңес мүшелерінің бір міндеті деді .

Қала әкімі кеңес отырысына мүмкіндігінше қатысуға уәдесін берді. Бүгін 7 ай бойы атқарған жұмыстарын жайып салған үш басқарманың басшыларына кеңес мүшелері өз ұсыныстарын тастады. Ол — жаңа қосылған елді мекен тұрғындарына қажетті спорт алаңдары, балалар темір жолының тағдыры мен көше атауын өзгертуге қатысты мәселелер.

Нұрлан Күдерұлы