Түркістан қалалық әкімдігі қоршауларды алып тастау жұмыстарын жалғастыруда. Муниципалдық нысандардың, қоғамдық ғимараттардың, сондай-ақ учаскелердегі заңсыз орнатылған қоршаулар бұзылып жатыр.
Басты мақсат — жаяу жүргіншілер үшін қаланы ашық, инклюзивті және жайлы ету. Бұзылған қоршаулардың орнында тұрғындар серуендейтін болады, аумақ абаттандырылады.
«Қоршауларды алып тастауға кірісер алдында біз алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерделеп, қалалықтарға қолайлы жағдай жасауды көздедік. Дезаборизация тәжірибесі әлемнің ірі қалаларында бар. Дуалсыз қала қонақжай әрі жайлы болады. Кей жерлерде көгалды жолдар, кей жерлерде жаяу жүргіншілер аллеясы пайда болады»,-деді қала әкімі Рашид Аюпов.