Шымкенттің 8500 гектар аумағына сонау КСРО заманында, дәлірегі 1986 жылы 1:500 масштабта топографиялық зерттеу жасалған. Биыл жергілікті бюджеттен 500 теңге бөлініп, барлығы 49500 гектар аумақтың топогграфиялық зерттеуі жасалып жатыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов мәлімдеді. Аталған басқарма басшысы 2019 жылдың алғашқы 6 айында атқарған жұмыстар туралы есеп берді.
Бас жоспарға сәйкес қала аумақтарына жасақталған жобаларынаң саны 73 екен. Жалпы қаланың құрылыс салу жоспарланған аумағының 90 пайызы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылыпты. Биыл 7 аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасақталуда.
– 2019 жылға жергілікті бюджеттен жоғарыда аталған жұмыстарды жалғастыруға 77 млн теңге қарастырылып, 32500 га аумаққа түгендеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Қаланың 8500 га аумағы 1986 жылы 1:500 масштабта түсірілген. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қарастырылып, 49500 га аумаққа топографиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017 жылы 117 000 га аумаққа 1:500 масштабта топографиялық зерттеу қамтамасыз ету сметалық құжатқа сәйкес 3 млрд 736 млн теңгені (1 га аумақ 35-40 теңге) құрайтын. Бүгінгі таңда мердігер топографиялық зерттеуді 1 га аумаққа 1:500 масштабта 5 мың теңгеге жүргізуде,-дейді Жеңіс Байымбетов.
Оның айтуынша, «Электронды архитектура» жүйесін басқармада жүзеге асыру бойынша «Геосервис» ЖШС-мен 24 млн 833 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұл электронды бағдарлама мемлекеттік қызмет алушыларға және мемлекеттік қызмет көрсетушілерге уақыт тиімділігімен қағаз бастылықты азайтуға, әрі сапалы қызмет көрсетуге оң әсерін беріп жатыр.
– Мысалы, регламент бойынша мекенжай анықтамасын беру 7 күн, нақтылау 3 күн болса, «halyksaulet» жүйесі арқылы 15 минутта алу мүмкіндігі бар. Жалпы биылдың наурыз айынан бастап 498 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осы бағытта цифрлық форматта жұмыс жүргізу бойынша, шамалап 3 ай көлемінде қағаз шығынына 150 000 теңге, катриж бояуы мен жөндеу жұмыстарына 28 000 теңге және 1 маман (әдіскер) айлығына 165 000 теңге, жалпы 3 айға 348 000 теңге үнемделді,-дейді Байымбетов.
Сонымен қатар, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге техникалық шарттарды монополист мекемелерден (газ,су,свет) электронды түрде алуға әзір.
– ҚазТрансГаз мекемесінің басшылығымен бірнеше рет әкім орынбасары мен цифрландыру басқармасының басшысымен бірлесе жиналыстар өткізілді. Бірақ, осы күнге дейін ҚазТрансГаз мекемесінен бұл жүйеге қосылу бойынша ешқандай шаралар қабылданбай отыр,-дейді Жеңіс Байымбетов.
Сондай-ақ Жер Кодексінің 43,44-1,48,49.1-бабтарына сәйкес әзірленетін қалақұрылыстық қорытындыларын электронды түрде ұсынуға басқарма әзір. Бірақ Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы (Жеркадастр) арасында жер телімдері бойын-ша берілген мемлекеттік актілерін координаттары арқылы нақтылап бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.
Сондай-ақ қалаға сәулеттік көрік беру бойынша:
Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша төрт аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аудан аумағындағы орналасқан көшелердің қасбеттері мен абаттандыру жұмыстарына эскиздік жобалар әзірленіп;
Қаладағы ескі аялдамаларды жаңарту мақсатында бірнеше нұсқада эскиздік жобалар;
Қошқар-ата өзенінің аумағын ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарын (30м) жүргізу бойынша эскиздік жобалар;
Қабанбай батыр көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру бойынша және көше бойын аббаттандыру бойынша эскиздік жобалары әзірленіп,
Нұрсат ш.а аумағына Ж.Шаниннің мүсініне ұсыныс жобасы әзірленіп,
Нұрсат ш.а., Түркістан сарайы аумағына Домбыраның мүсіні әзірленіп
Ескі қалашық аумағын қайта құрылымдау және абаттандыру бойын-ша ұсыныстар әзірленіп,
Ескі қала аумағындағы тозығы жеткен 29 га аз қабатты үйлердің орнын көп қабатты жаңа тұрғын үйге айналдыру бойынша эскиздер ұсынылыпты.
Сонымен қатар, темір жол бекетінің алдындағы дүңгіршіктерді орнында қалдыру бойынша эскиздік жобасы әзірленген. Әуежайды қайта құрылымдауға эскиздік жобасы, Шымкент-Сити қалашығында 420 га аумаққа 9-12 қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар және 47 га аумаққа саябаққа эскиздік жоба ұсынылған.
«Оңтүстік Рабат», №31, 31 шілде 2019 ж