«Әр қазақ менің жалғызым» деп ұғынатын ел бауырлары үшін жан алысып, жан берісті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демей ме. Бұны да еңсердік.

Біз қашан да бірге екенімізді, қандай жағдай болмасын қайта көктеуге құмар жан екендігімізді біріге отырып бір тудың астына жинала алатынымызды тағы дәлелдедік.
Осыған байланысты Арыс қаласы әр облыс, қала, аудандарға бөлініп берілген болатын. Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына тапсырылған 5 сектордағы 11 қабатты үйдің 519 пәтеріне және 72 жеке тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Шарада Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық маслихаттың, Төлеби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық маслихатының грамотасымен арнайы марапаттады.

Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек құрылыс сапасының дұрыс жүргізілуіне үлесін қосқан азаматтарға алғыс білдіре отырып, Арыс қаласы әкімінің және Арыс қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын соңында шараға қатысқан барлық қонақтарға Төлеби ауданы «Балмұздақ» ЖШС 1000 дана арнайы балмұздақтары тарту етілді және №5 сектордағы жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан Қарағанды облысы әкімдігіне және Төлеби ауданы әкімдігіне, белсенді азаматтарға тұрғындардың атынан шынайы алғысын жаудырды.

Шара барысы Төлеби аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Жарық күннің бетін бұлт басса да, самал жел оңынан соқса қайта шуақ нұрын төгеді емес пе? Сіз болып, біз болып еңсені тіктедік.