Шымкент қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 16.08.2019 жылы қаладағы дүңгіршектердің бірінен құны шамамен 70 000 теңге тұратын попкорн жасайтын аппаратты және кассадағы ақшасын ұрлаған күдікті азаматты ұстады.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен «ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.