«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне білек сыбана кіріскен Бейсен Тәжібаев Арыс қаласында алғашқы шарасын өткізді.
Жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге тығыз орналасқан Түркістан облысынан азаматтарды қоныстандыруға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен арыстықтарды таныстырды.
Қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға үкімет тарапынан қаржылай көмек те көрсетіледі. Әр отбасы 35 АЕК — 88 мың теңге көлемінде бір жолғы жәрдемақы алады. Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққайың ауданының өкілдері, Солтүстік өңіріне іс сапармен болған жергілікті тілшілер қоныс аударатын елдімекендердің мүмкіндіктерін жиналған қауымға баяндап берді.
Шынар Оразова