Қаратау ауданында мемлекеттік — жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоспар бойынша 57 үй ауласы жаңғыртылмақ. Кәсіпкерлер қанша қаражат инвестиция салуға уәде берді?
Келісім бойынша кәсіпкерлер 2 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Атқарылған құрылысқа бір жылдық кепілдік беріліп, инвесторлар 4 жыл бойы нысанды күтіп ұстайды. Бағдарлама аясында «Нұрсәт» шағынауданындағы аулаларға заманауи үлгідегі балалар ойын алаңдары салынып, спорттық тренажерлер мен 19 ашық спорт футбол, баскетбол, волейбол алаңшалары орнатылады.
Бүгінгі таңда мердігерлер жер жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда нұрсәттік тұрғындар құрылыс материалдарының сапасына көңілдері толмайтындығын әлеуметтік желі арқылы жеткізген болатын. Ал өз қаражаттарын құрылысқа салған инвесторлар ең бірінші кезекте сапаға мән беретіндіктерін айтып ақталды. Олар «Құрылыс материалдарымыздың сертификаты бар және кепілдігіміз тағы бар» деп отыр.
Естеріңізге салар болсақ, мемілекетік — жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй аулаларында құрылыс жүргізілген болатын. Енді осы бағдарламаны Абай және Әл Фараби ауданы жалғастырады.
Нұрлан Күдерұлы