6.08.2019 жылы Шымкент қаласының Полиция департаментіне қала тұрғыны қаладағы туристік агенттіктердің бірінен шетел мемлекетіне құны 250 000 теңгеден астам қаржыға билет сатып алып, кейін аталған билеттің қолдан жалған жасалғандығы анықталғаны туралы айтып арызданған.

Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу барысында алаяқтық жасаған күдіктіні анықтап, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.