Шымкентте соттың қабылдауына кіру жеңілдеді. Бүгінде азаматтар қабылдауға алдын ала жазылмай келген күні жеке куәлігімен тіркеліп, көкейіндегі сұрақтарына жауап ала алады.
Ол сот процесстеріне, қоғамда орын алған заңбұзушылықтар мен жеке басына қатысты мәселелер болуы да мүмкін. Бұл қалалық сот ғимаратындағы қабылдау орталықтары жұмысының арқасында. Мұның барлығы тұрғылықты халыққа қызмет түрлерінің қолжетімділігін қамтуға бағытталған шаралар. Айта кетейік, шаһарда он судья қызмет етеді.
Нұрсұлтан Байтілесов, Шымкент қаласындағы соттар әкімшісінің басшысы: «Егерде қабылдау бұрын айына екі рет жүргізілсе, енді бес жұмыс күні қабылдау орталықтары жұмыс жасауда. Қабылдауды жүргізетін тұлғалардың тізімін кеңейттік. Азаматтарды сот төрағасы мен соттар әкімшісінің басшысынан бөлек бүгінде алқа төрағалары, сот этикасы жөніндегі комиссия төрағасы және Шымкент қалалық соты жанындағы билер кеңесінің жұмысын үйлестіретін алға төрағасы қабылдайды».
Шынар Оразова