«Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы əкімдігінің активімен кездесті. Кездесудің мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру жəне парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.
Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, аудан əкімі Ғ.Ильясов сөз сөйледі. Кездесу барысында Асхат Жұмағали маңызды əлеуметтік жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жергілікті атқарушы органдардың маңызды рөлін атап өтті.
«Əрине, Сіздерге үлкен мемлекеттік міндеттер жүктелгенін жақсы түсінеміз. Бұл жұмыста маңызды мəселе азаматтардың əл-ауқаты мен өмірін жақсарту, Сіздердің əрқайсыңызға сенімділікті арттыру болуы тиіс. Тек бірлесіп қана осы теріс құбылысты жоя аламыз» — деді А.Жұмағали.
Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар: «Өкінішке орай, біздің аймақта əкімдіктер өкілдерімен жасалған қылмыстар саны мемлекеттік органдар бөлінісінде алдыңғы қатарда тұр. Қалаға республикалық мəртебе берілген сəттен бастап Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті əкімдік қызметкерлеріне қатысты 17 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді. Барлық қылмыс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды, қазіргі уақытта 14 адамға қатысты сот үкімі шығарылды» деп атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының қатысуымен мұндай кездесулер соңғы 5 жылда өткізілген жоқ, бұл бірінші жағдай жəне олар бүгін біз үшін қажет. Адамдар сыбайлас жемқорлықтың зиянды əсері туралы білуі жəне түсінуі тиіс» – деп атап өтті Еңбекші ауданының əкімі Ғалымжан Ильясов.
Ол атқарылған жұмыстарды есепке ала отырып, əкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар күшейтілетініне сендірді. Іс-шараның қорытындысы бойынша əкімдік басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен, кешенді шаралар əзірлеу ұсынылды.