«Қазақ дала парламентінің түп қазығы – Мәртөбе». Шымкент қалалық сотында осындай тақырыппен конференция өтті. Кеңеске келгендер Тәуке ханның «Жеті жарғысынан » бастап, Мемлекетіміздегі қазіргі қолданыстағы сот жүйесін жіліктей талдады.

Жиналғандар үшінші билік өкілдерінің жұмыс жүктемесін де айналып өтпеді. Сондай-ақ, әділдіктің орнауында үкім кесетін судьялардың сол жарғылар мен ата заң бойынша сауаттары ғылыми баяндамалары арқылы-ақ, анық байқалды. «Қазақ дала парламентінің түп қазығы – Мәртөбе» дегендей-ақ, ауқымды жиын тарихты қаузаудан басталды. Ең алдымен қазақ жеріндегі әділ билердің сарабдал саясаты мен оны халықтың мойындауы баяндалды. Кеңеске келгендер Мәртөбедегі маңызды талқылауларға да тоқталды. Тәуке ханның «Жеті жарғысын» және ондағы қоғам үшін қажетті хандық билікті нығаюды да кеңінен сөз болды.

Ел басқару сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері арқылы жүргізілгенін жіліктеп жеткізген ғалымдар дәстүрлі құқық нормалары мен қазақ сотының қалыптасуын да сөз етті. Ал өз кезегінде судьялар Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығының қазіргі қоғамда да қолданыста екенін, тек заманауи форматта қайта жасақталғанын тілге тиек етті. Өмір сүзгісінен өткен өз тәжірибесімен бөлісті.Сонымен, ғылыми кеңес ата заңның қазіргі қалпы мен судьялардың құзыры және билер кеңесі институтын жандандырып, жұмысын күшейту қажет деген тұжырыммен тәмамдалды. Айта кетейік, бүгінде Шымкентте қалалық сотты қоспағанда, 4 ауданда 4 аудандық сот және 5 мамандандырылған сот бар. Онда барлығы 80-нен астам судья жұмыс істейді.

Мөлдір Бекеева