Қалалық балалар ауруханасында ұзынсонар кезек. «Сүндеттеу» науқанына қатысып, өз балаларын мұсылмандыққа тегін отырғызуға ниет еткен ата-аналар легі толастар емес. Халық лық толы боларын күтпеген ұйымдастырушылар, көпбалалы отбасыларға үлкен көмек екенін алға тартады.

Инна Глазебная, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы: «Көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар үшін бұл үлкен жәрдем. Бүгін бізде бірінші күн. Ниет білдірушілер жоспарланғаннан көп болды, бірақ барлығы іс-шарамен қамтылатын болады. Мүмкін, бүгін барлығын қабылдамаймыз, бірақ біртіндеп ниет білдірушілерді қамтитын боламыз. Бұл акция жылдың соңына дейін жалғасатын болады».

Дәстүрлі түрде, медициналық ұйымдарда, кесу қызметі ақылы негізде көрсетіледі. Оның құны орта есеппен 10-15 мың теңге. Өкінішке қарай, аталған ұйымдарда тегін қызмет көрсетілмейді. Мамандар білікті хирургтардың қызметі сенімді деп кеңес береді.
Бұған дәлел,бір күнде екі жүз бала сүндеттеуге операция жасалды. Олардың ешқайсысында да асқынулар байқалмайды. Келесі «Сүндет» акциясы қашан өтетіні туралы қалалық балалар клиникалық ауруханасының instagram-дағы (@detbolasar) парақшасынан білуге болады.

Нұрлан Сұлтанбек