Шымкентте «Банк Центр Кредит» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері көбейді

179

Республикалық маңызы бар үшінші қалада бір күннің ішінде оның саны 3-ке толықты. Барлығы да қаламыздың әр аймағында орналасқан. Сауда орталықтары мен базарлардың жанына орналасқан бөлімшелерде банктің барлық қызметтері көрсетіледі.

Еліміздегі ең ірі банктердің бірі өз бөлімшелерін көбейтуде. Мәселен Шымкенттің өзінде бір күннің ішінде ЦентрКредит Банкінің 3 бірдей есеп айырысу – касса бөлімшесі жұмысын бастады.

Бөлімшелердің бірі Теріскей шағын ауданында ашылды. Мұның барлығы да аумақпен көрші орналасқан өзге де шағынаудан тұрғындары үшін жасалып отыр дейді филиал директоры.

Абзал Оналбеков, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Шымкент қалалық филиалының директоры: «Біз филиал желілерін кеңейтудеміз. Клиент қайда болса, банк сонда дегендей клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайды қарастырудамыз».

ЦентрКредит Банкі тұтынушылар үшін қолжетімділік пен ыңғайлылықтың маңыздылығын да ұмытпаған. Ол үшін филиал ішінде келушілерге арнайы жағдай жасалып қойған.

Центр Кредит Банкінің тағы бір бөлімшесі «Айна» базарында ашылды. Мұнда олар сауда жасай жүрумен қатар, банк қызметіне де жүгіне алады. Акционерлік қоғамның көздегені де ел кәдесіне жарау болған.

Центр Кредиттің үшінші бөлімшесі «Бекжан» базарында жұмыс істейді. Банк жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған банк өнімдерінің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, кредит беру, депозит ашу және банк карталарына қызмет көрсету, айырбастау және ақша аудару операциялары.