Биылдың 1 маусымында Шымкент халқының саны 1 млн 22 449 адамға жетті. Шымкент қаласы республика көлемінде халық саны жағынан сегізінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Шымкент қаласының статистика департментінің басшысы Ерназар Құлтаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
– Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2%-ға немесе 20 158 адамға артты. Шымкент қаласы республикада халық саны тығыз орналасқан қалалардың біріне жатады. Қалада 1 шаршы км-ге 852 адамнан келеді. 2017 жылы – 835,2 адам болған еді. Рес-публика бойынша – бұл көрсеткіш орта есеппен 1 шаршы км-ге 7 адам құрайды. 2019 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8 900 адамды құрады және 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,6%-ға өсті. Республика бойын-ша сәби туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша қала 4-орында. Биылдың бес айында қала бойынша 10 919 бала туылды немесе 2,4%-ға өсті. 2018 жылғы қаңтар-мамырда 10 665 бала туылған болатын. Осы кезеңде қала бойынша өлгендер саны – 2 019 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 1 909 адам) немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, тиісінше өлім оқиғаларының саны 5,8%-ға өсті. 2019 жылғы қаңтар-мамырда көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы: барлығы – 4 463 адам (оң), облысаралық көші-қон – 4 144 адам (оң) болған жағдайда, алыс шет елдермен –32 адам (оң), ТМД елдері бойынша – 287 адам (оң) болды,-дейді Ерназар Құлтаев.
Оның сөзінше, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс-тары, бағалау бойынша, 2019 жылғы І тоқсанда 62 612 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7%, ал нақты ақшалай табыстар 1,7%-ға көбейіпті.