Шымкенттік тәртіп сақшылары жаңа оқу жылына дайындалуда

207

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтің тапсырмасымен Шымкент қаласы аумағындағы барлық мектеп алдынан өтетін автокөлік жолдарындағы жол белгілерін Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізіп, 2019-2020 оқу жылында жол қозғалысы ережесінде жасөспірімдердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Осы орайда ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің кіші мәжіліс залында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасы, білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында Департамент басшылығы жұмысшы топқа каладағы барлық мектептің алдындағы жаяу жүргінші жолақтарының алдында «Абайлаңыз, балалар!» жол белгісін үлкен көлемде орнатуды және бірқатар басқа да тапсырмалар берді. Аталған мекемелер анықталған кемшіліктерді ескеріп, оның орындалуын қадағалайтын болады.

Сондай-ақ Полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-дан 19:30-ға уақыт аралығында үш ауысыммен білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында оқушылардың білім беру ұйымдарына қауіпсіз келіп-кетуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетін болады.