Сарыағаш АПБ-не үйінде жылқы ұстап, саумал сату кәсібімен айналысатын әйел, жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында тұрғын-үйінің жанында жүрген екі бас жылқысы белгісіз бағытқа кетіп қалып, жоғалғаны жөнінде арызданады. Жылқылардың егесі өзі ары-бері іздеп, таппаған соң, аудандық полицейлерге хабар берген.

Жылқылардың жоғалғаны жайлы дерек түсе салысымен ЖПҚ патрульдік полиция тобының аға инспекторы, полиция старшинасы Дінмұханбет Көшкінбаев пен инспектор Ерболат Диханбаев тез арада іздестіру шараларын жүргізеді. Көрген-білген азаматтардан сұрастырып, жәбірленушінің үйінің айналасы, жақын аумақтарда іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел-іздестіру шарасымен, аудандық тәртіп сақшылары түнгі сағат 2-3тер шамасында белгісіз азамат бір жылқының үстіне мініп, екіншісін жетектеп бара жатқанын көріп, тоқтатады. Нәтижесінде, аталған жылқылар жәбірленушінің жылқылары екендігі анықталды. Ал, күдікті көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.

Тергеп-тексеру барысында, күдіктінің мас халде тұрғандығы айқындалды. Ал, екі бас жылқы заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта» Өз кезегінде жылқыларын қайта көрген иесі «Аудандық полицейлерге рахметін айтты. Аз уақыт ішінде қырағылық танытып, кәсіби шеберлігін көрсеткендеріне тәнті болып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі». Жоғалған екі бірдей жылқысы табылған ақ жаулықты ананың қуанышында шек болмады. Өйткені мал асырап, кәсіп етіп, сол арқылы отбасын асырап отырған. Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға мал-мүліктеріңізге абай болыңыздар деп ескертеді. Қора-жайларыңызды мықты құлыптармен бекітіп, аулаларыңызға дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатыңыздар деп кеңес береді.

Сонымен қатар, малыңыз жоғалып немесе осындай ұрлықтың куәсі болсаңыз, уақыт өткізбей полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.