Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды  

367

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Асанұлы Ғанижан тағайындалды.

Білімі жоғары. Қаржы полициясы академиясының түлегі.

2011 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Лондон Корольдік колледжін (King’s College London) «мемлекеттік саясат және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында атқарушы және басшылық қызметтерін атқарған.

2015 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.