Тұрғындар жылу берушілерге 250 млн. теңге қарыз

123

Тұрғындардың жылу берушілер алдындағы қарызы 250 млн. теңгеден асқан. Бұл «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің жұмысына айтырлықтай кедергі келтіріп отыр.

Биылдың өзінде шымкенттіктер жылу берушілерге 119 млн. теңге берешек боп қалған. Ал өткен маусымда тұрғындардың коммуналдық мекеме алдындағы қарызы 111 млн. теңгеден асып кеткен.

Екі маусымда қордаланып қалған жалпы қарыз сомасы 250 млн. теңгеден асқан. Қаладағы төрт ауданның арасында қарызы 5 млн-ға жеткен Қаратау ауданы.

Шынар Оразова