Қазақстанның өңірлерінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2012 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтуде. Бұл игі бастамадан шымкенттіктерде шет қалмады.

Жұмыс іздеп жүргендерге мол мүмкіндік. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Еліміздегі көшбасшы партия ұйымдастырған шарада жұмыспен қамту орталықтары, кәсіпкерлік, өндірістік және білім беру басқармалары мен бөлімдері қатысты.

Жәрмеңкеде жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған түлектер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Ақмарал Алматова, қала тұрғыны: «Мен Алматыда Ғылыми химия мамандығы бойынша былтыр оқуымды бітірдім. Жұмыспен қамту орталығына жолдады. Тұрақты жұмысқа орналасуға үміттімін».

Кәсіпкерлік курстарын өткен қыз-келіншектер жақын арада жұмысқа кіріседі. Олар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында үш апталық курстан өтіп өз ісін ашпақ.

Шағадат Әсетов, қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілі: «Қазір мүмкіндіктер мол. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы оқып жатқандар көп».

Республикалық акция барысында жауаптылар келген азаматтарға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар жайында түсініктеме беріп, құқықтық көмек көрсету және кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Шынар Оразова